«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша онлайн кездесу
Кездесуге "Nur Otan" партиясы Аягөз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Габдуллина, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы О.Кеншіліков, сонымен қатар, ірі шаруа қожалықтарының иелері қатысты. Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында қабылданған «Сыбаға» бағдарламасы - ауылдағы мал өсіріп отырған, оның басын көбейте түссем деген ағайынға берілген зор мүмкіндік. Ол шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандыру арқылы мүйізді ірі қара малының ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді.

