"Светланд-Ойл" ЖШС ұжымымен кездесу өткіздік.
Бүгін Nur Otan партиясы атынан ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткер Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлымен бірге "Светланд-Ойл" ЖШС ұжымымен кездесу өткіздік.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның басты бағыттары - қазақстандықтар үшін лайықты өмір сүру жағдайын жасау, денсаулық және білім беру саласын жақсарту, азаматтарымыздың баспана мәселесін шешу жолдарына тоқталдық.
Әр адам үшін осынау маңызды саланың шынайы жүзеге асуы қызметкерлеріміздің арасында пікірталас тудырды.
Олар көтерген мәселелердің арасында сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалар үшін логопедтер мен басқа да мамандар санын көбейту қажеттілігі туралы айтылды.
Алдағы сайлауды ұйымдастыру бойынша да сұрақтар қойылды.
Біз Дүйсенбай Нұрбайұлымен барлық сұрақтарға толыққанды жауап беріп, олар көтерген мәселелер мен сұрақтар жауапты қызметтер мен билік органдарына жеткізуге уәде бердік.
