Суы бар жердің ырысы бар
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ел ішінде көп көтерілетін мәселелердің бірі. Суы бар жердің ырысы бары дегендей қарапайым халықты толғандыратын бұл сұрақтың түйткілдігі басым.
Елдің қамын ойлаған "Nur Otan" партиясы әсіресе шалғай ауылдардағы ауыз су мәселесін қолға алмақ. "Nur Otan" партиясының Бұланды аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Хожабай Никольское ауылының тұрғындарымен кездесу барысында су мәселесі проблемалық тұрғысында негізгі болып талқыға түсті. Ауыл тұрғындары жаңа су құбырын жылдар бойы күтуде, енді міне бұл мәселе өз шешімін тапты. Су құбырларын қайта жабдықтаудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге биыл 10 миллион теңге бөлінді, ал жобаның жалпы құны 569, 8 млн.теңге құрайды. Жобаны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөліну мақсатында салалық басқармаға бюджеттік өтінім жіберілді.
Осылайша, "Nur Otan" партиясының көмегімен, жергілікті атқарушы биліктің басшылығымен елді-мекенде маңызды мәселе шешіліп, аәлеуметтік ахуалға оңтайлы әсер етпек.
