ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері түсіндірілді

2017 жылдың 10 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің бірлесіп «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды » тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинар-кеңес жұмысына Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С.Жұбаныш, студенттер мен жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары А.С. Жұбаныштың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - уақыт талабы» баяндамасында Жолдаудың бесінші «Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты» негізгі бағыттарын атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастардың санасына қазақстандық патриотизмді,  құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне  тоқталып, Департаментпен пен ЖОО-ның бірлесіп атқарып жатырған жұмыстарын айтып өтті.

Шара барысында қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.