Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғайтылады – Тоқаевтың бағдарламасы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен әңгіме барысында РҚШ мүшелері кандидаттың білім беру құндылықтарын ілгерілету, білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамаларын талқылады.
🗣«Жастар – қоғамдағы өзгерістердің басты қозғаушы күші. Талантты, білімді, отансүйгіш жастар Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесін қосып жатыр. Еліміздегі жас буынның өз қабілет-қарымын толыққанды жүзеге асыруы үшін тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасалады. Өз кезегінде, отандық ғылым қысқа мерзімде елімізді дамудың жаңа сатысына шығаруға қабілетті құралға айналмақ. Қазақстанда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауға, атап айтқанда, гранттар бөлу арқылы жағдай жасалады. Жетекші жоғары оқу орыны мен ірі кәсіпорындардың жанынан инжинирингтік орталықтар құрылады»,- деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.
✔️Бұдан соң аймақтағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтардың өкілдерімен кездесу өтті. РҚШ мүшелері аграрлық секторды дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы айтып берді.
✔️Осы күні РҚШ мүшелері туристік кластер өкілдерімен шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты шараларды талқылады.
✔️Бағдарламада көрсетілген еңбек адамының құқықтарын қорғау «KazRost Engineering LTD» зауытының, Степногорск ЖЭО, Макинск құс фабрикасының және т.б. еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында талқыланды.
❔Жалпы, бүгін Щучинск, Қосшы, Степногорск, Ақкөлде және Целиноград, Шортанды, Бұланды, Ақкөл сияқты Ақмола облысының өзге де аудандарында сайлаушылармен 30-дан астам кездесу өтті.
Сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 10 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өтті.
t.me/toqaev2022
