Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттер арасында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижелері хабарланды

2019 жылғы 18 сәуірде БҚО Өңірлік телекоммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша сауалнама қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Брифингте «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің белсенді қатысуымен оқу орындарындағы жемқорлық деңгейі туралы сауалнама нәтижелері, оның ішінде оқу орнында жүргізіліп жатқан шаралар туралы студенттердің хабардарлығы, олардың тиімділігі, пара беру, студенттер тап болған жемқорлық жағдайлары, пара беруге себептер мен пара беруге бастамашылық танытатындар туралы және студенттердің жемқорлықты болдырмау бағытындағы ұсыныстары айтылды.

Сауалнама анонимді түрде, 4 университет пен 19 колледждің 2034 студенті арасында өтті, оның 1663-і - колледж студенттері, ал 371-і - жоғары оқу орындары студенттері.

Орташа есеппен, жауап берген респонденттердің 67,4%-ы өздері оқитын оқу орнында жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы біледі.

Жекелей алғанда БҚАТУ, БҚМУ және ҚАЗИИТУ студенттерінің 70-тен 80 пайызға дейіні жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан хабардар.

Барлық ЖОО-на тән жемқорлық жағдайлары – бұл рейтинг, сынақ, емтихан тапсыру кездері, дипломдық жұмысты қорғау, гранттар мен жеңілдіктерді бөлу, диплом «сату», диссертация/жоба қорғау кезінде.

Бұған қоса, ҚАЗИИТУ мен БҚИТУ студенттері жатақханаларда орындарды бөлуде және бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жағдайларын көрсетті.

Жауап берген студенттердің 50%-ы оларды пара беруге итермелейтін – студенттің оқығысы келмеуі дейді.

Пара берудің бастамашысы 30%-ң пікірінше студенттер, 13 пайызы – оқытушылар және 8,9%-ы студенттердің ата-аналары деп көрсетіп отыр.

Сауалнама нәтижесі талқылау жұмысымен шектеліп қалмайды, тиісті іс-шаралар алу үшін барлық оқу орындарына жолданады, бірлескен іс-шаралар да ұйымдастырылып, бұл жұмыстардың тұрақты мониторингі, оның ішінде қайта сауалнама өткізу арқылы жүргізіледі.

0
0
866

Осы тақырып бойынша