Стресс менеджмент тренингтері
Мемлекетіміздін Германиямен бірлесіп ұйымдастырған менеджерлердің және бизнес иелерінің білім деңге”лерін көтеру программасына өттім. Программа туралы turanprofi.kz сайтында көреаласыздар.
Кеше бірінші күн тренингтер басталды. Стресс менеджменттен Анна деген психологиядан білім докторы өткізді. Үш сағаттын қалай өткенін байқамай қалдық.
Танысуымыз үшін өте қызық үнді техникалық жаттығу орындадық, Екі адам бір-біріне қарсы тұрып көзге қарайды. қолдарын шетке созып төменнен жоғары көтереді де, алақанын жоғары аударады. Одан кейін қолдарын алдына жинап унді түрінде бастарын иеді. Құшағын жайып құшақтасы керек. Құшақтасып 5 рет бірге өте терең дем алу керек. Дем алганда бірін бірі сезу керек. Одан кейін тағыда бас иіп келесі адамға көсешіз.
Осылайша азында 3 адаммен жаттығуны орындау керек. Өте маңызды: жаттығуны орындаған кезде көздеріңіздің карастарын үзбеніз және де сөйлемей орындай керек.
Бұл жаттығудан кейін группанын арасында болған кедергілердін көбісі жойлып кетеді. ҚАрым катынас жақсарады.
Содан кейин стрестін адамға қалай әсер ететінің түсіндірді. Адамның аурулары өбісі стресстен келетінін айтты. Сондықтан қандай болсада стресс, уақытында тоқтатылу керек.
Екінші өте пайдалы және қызық жаттығу құлаққа бал деп аталады. Қатысушылар 3 адамдық группаларға бөлінеді. Біреуі көзін жабқан кезде екеүі құлағына тек жақсы сипаттарын і минут бойы айтады. Бұл жаттығуда шындықтын айтылуы маңызды емес. Адамның есіне әр жылы сөз өте қатты әсер етеді.
Жаттығуларды орындан көрініз содан соң бір біріңізбен сезімдерінізді бөлісініз.
Жалғасы ертен болады.
