Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Стратегиялық құжат

Стратегиялық құжат

ҚР Президенті Қ.Тоқаев кезекті халыққа Жолдауында еліміздегі әлеуметтік түйінді мәселелерді шешудің, экономиканы өркендету тәсілдері, ауыршаруашылық саласының еңсесін тіктеу, денсаулық сақтау және білім-ғылым салаларын заманның жаңа талаптарына бейімдеу секілді ірі мәселелерге басымдық берді. Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдардың алдына нақты міндеттер қойып, тиянақты тапсырмалар берілді.

Тәуелсіздіктің тірегі, мемлекеттік саясаттың басым бағыты тыныштық пен тұрақтылыққа ірткі салғысы келген жат ниеттілерді көрінгенде тұтас ел болып оған қарсы тұру міндет. Мемлекет басшысы бұл ретте зиялы қауымның орны ерекше екенін баса айтты.

Елімізде саяси реформалар қарқынды жүзеге асырыла береді. Ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталғаннан кейін, 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Әйелдер мен жастарға арналған 30- пайыздық квотаны депутаттық мандаттарды бөлген кезде сақтау заң бойынша талап етіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға партиялық квота белгілеу айтылды.

Қазіргі қиындықтың барлығы өтпелі екенін, жақсы іс пен батыл әрекет жасасақ, қиындықтардың бәрін жеңіп, дамудың даңғылына жылдам түсеміз. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәңгілік мұраттары үнемі бірінші кезекте тұруы қажет.

Жолдаудағы тағы бір маңызды мәселе ретінде елге қызмет етіп жүрген сала мамандарының еңбегі өз деңгейінде бағаланатыны айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдан бастап, 2025 жылға дейін жыл сайын 20 пайыздан өседі.

Осылайша, Жолдауда елдің әлеуметтік–экономикалық дамуының басымдықтары айқындалды. Президент айтқандай, «...біздің дамуымыздың шешуші кезеңі басталды және мемлекеттік аппарат бірыңғай тетік ретінде жұмыс істеуге міндетті. Тек осындай жағдайда ғана біз алға қойған мақсаттарымызға жетуді қамтамасыз етеміз».

Дәстүрлі Жолдау алдымызға тағыда міндеттер мен тапсырмалар жүктеп отыр. Біз жұдырықтай жұмылып Жолдаудан туындайтын мәселелерді жергілікті жерде шешуге кірісуіміз керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Баршаңызды бірге қызмет етуге шақырамын.

«Nur Otan» партиясы

Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Люция Жұбанышқалиева

0
0
296

Осы тақырып бойынша

Стратегиялық құжат - Yvision.kz