Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Аягөз аудандық филиалының instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жобасы аясында «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің және педагогика саласы қызметкерінің қатысуымен тікелей эфир өтті. Тікелей эфирге Аягөз қалалық «№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ-нің директоры Молдашева Ляззат Тұрсынқызы қатысты.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

4
0
262

Осы тақырып бойынша

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы - Yvision.kz