Статистика саласы қызметкерлерінің атаулы мерекесі
Құттықтау мәтінінде: «Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері! Сіздерді мемлекеттік статистика органдарының ұйымдастырылғанына 100 жыл толуымен және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдары сонау 1920 жылы құрылды. Сала еңбеккерлерінің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік береді. Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істеріңізге береке берсін.
