Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Start up жобаларын ұсыну кеші

2014 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астана қаласында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Z INDUSTRIES LLP» жекеше компаниясының start up жобаларын ұсыну кеші.

Ісшараға мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар, бизнес-құрылым мен белсенді азаматтық ұстанымы бар және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруда өз үлесін қосатын 50-ге жуық өкілдері қатысады.

Кеш барысында келесі жобалар ұсынылады:

- «History» телеарнасы;

- балалар мен жастар арасындағы «Бала би» шешешдік өнер сайысы;

- балалалар мен жасөсіпірімдерге арналған «Сәлем» әлеуметтік-ақпараттық журналы;

- «Қазақстандық жас буын Астананың аңыздары мен ертегілерінен сыр шертеді» жинағы;

- «Zhas Card» жобасы (оқушыларға арналған әлеуметтік карта);

- «Зерайна» интеллектуалды үстел ойыны.

Салтанат барысында қонақтар үшін фуршет үстелі, жанды әуен, сонымен қатар ұйым қызметі жайлы көрме ұйымдастырылады.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» РҚБ Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылдың шілде айында құрылған. Мемлекет басшысының идеясымен шабыттанған республиканың жас көшбасшылары 2011 жылдың 6 шілдесінде барлық балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін бірыңғай қозғалыстың іргесін қалайды. Әр тұлғаның көшбасшылық қасиеті не болмаса шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында ұйым жұмысының басты бағыты 1 мен 11 сынып аралығындағы барлық оқушыларды біріктіруге сүйенеді. Бүгінгі таңда бірлестік қатарында елдің 16 өңірінен 1,5 миллионға жуық оқушылар бар.

“Z INDUSTRIES” компаниялар тобы 2009 жылы маркетинг және PR қызметінің, ақпаратты технология, инвестициялық жобалар, құрылыс және энергетика, сонымен қатар кейтеринг және күзет саласындағы қызметтердің кең түрін ұсыну мақсатымен құрылды. Аз уақыт ішінде компания маркетинг, имидждік және PR компания мен қазақстандық нарықта сан түрлі брендтерді жылжыту саласын іске асыруда айтарлықтай жетістікке жетті.

 

0
0
393

Осы тақырып бойынша

Start up жобаларын ұсыну кеші - Yvision.kz