Біз Қызылорда қаласы НЗМ оқушылары бугін Астанадан 130 шақырымда орналасқан Қорғалжың мемлекеттік қорығына бардық.Қорық 1968 жылы құрылған.2008 жылы ЮНЕСКО құрамына енген. Қорғалжың әлемдегі ең үлкен қорық болып есептеледі аумығы шамамен 249 мың га.
Қорық табиғаты керемет онда құстардың 294,сүтқоректілердің 41,бауырымен жорғалаушылардың 6,балықтың 14 түрі мекен етеді екен. .Тенгиз-Қорғалжың көлдер жуйесінің біраз бөлігі Қорғалжың қорығының құрамына енеді.
Қорықтың бас байлығы құстар.Қорық аймағынан құстар жолының 3 жолы өтеді.Мұнда әлемге әйгілі фламинго құсыда тіршілік етеді,осында яғни Тенгиз көліндегі аралға жұмыртқалайды.Қорық қызметкерлерінің айтуынша осы құстарды көру үшін шет елдерден қонақтар көп келеді екен.Бір қызығы олар фламинго емес дуадақ құсына қатты қызығады деседі.Бір жылдары осы жерге неміс ғалымдары келіп осы аймақты зерттеп деректі фильмде түсірген.