Спорт өкілдерімен кездесу.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Боранбаев Айболат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қобда ауданының спорт өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Елдің болашағы жастардың қолында дей отырып дамудың 7 бағытының ішінде жастарға көңіл бөлінгендігін айта кетті.
- Ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 2025 жылға дейін жыл сайын жаңа жұмыс орындарына 100 жастан орналастыруға;
- “Жасыл ел” еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 400 жасты жұмысқа орналастыруға;
- Көпсалалы колледж базасында жаңа заманауи қажеттілігі бар мамандықтар ашуға;
- Қобда, Әлия,Талдысай ауылдарындағы “Coworking center” қызметі арқылы жастардың шығармашылығын және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға;
- “Жас Кәсіпкер” бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жылына кемінде 10 грант бөлуге;
- Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамытуға.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) 2,5% - дан 2,3% - ға дейін төмендейді.

