«Спорт — бұл өмір»
14-ші ақпан Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай Сырым аудандық жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ Сырым аудандық филиалы, "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен "Жас Отан" Жастар қанатының "Саламатты ұрпақ" жобасы аясында «Сырым колледжі» студенттері арасында шаңғыдан жарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Сағидоқас Мейрамбек
Екінші орынды Хамит Райымбек иеленсе үшінші орынды Сағидолла Райымбек жеңіп алды.
Жеңімпаздарды Сырым аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» басшысы м.а Д.Е.Тайшиев құттықтап Дипломмен және сыйлықтармен марапаттады.




Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ спорт кешенінде шағын футболдан жолдастық турнир болып өтті. Турнирге БҚО жастарынан құралған 4 команда қатысты. Тартысқа толы ойында бірінші орын «Геофак» командасына бұйырса, екінші орын «БҚИТУ» құрамасының еншісінде, ал турнирдің үшінші орны «Еркін құрама» командасының пайдасында.


