Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сотта «Сот жүйесінде қазақ тілінің алатын орны» атты семинар өтті

2021 жылы 25 наурыз күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың бас маманы С.Ахметова «Сот жүйесінде қазақ тілінің алатын орны» атты семинар өткізді.

Семинар барысында С.Ахметова сот мамандарына: «Тіл тағдыры - тұтас ұлттың тағдыры. Ұлт ұстазы Ахаң - Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», - десе, Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ», - деген екен. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.

Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы және жоғарғы билік органдары, Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруі тиіс еді. Бірақ, ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру ахуалы соттармен, басқа да мемлекеттік органдарда күрделі күйінде, аудармашылардың ығында қалып отыр. Абай бабамыздың: «Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, бұл жұрттың сөз танымас бір парасы», - дегеніндей, құзырлы органдарымыздың үш тармағының бірі - сот билігі қазақ тілінде сөйлеуде әлі де әлсіздік танытып келеді. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп бабамыз жырлағандай, Алаш қоғамында кестелі тілмен өрнектеп, ана тіліміздің қадір-қасиетін арттыратын, мемлекеттік мәртебесін айқындап, айбынын асқақтататын күн де жақын», - деп жеткізді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
124

Осы тақырып бойынша