Сот жүйесінің қызметкерлеріне Әдеп Кодексінің талаптары түсіндірілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған жиын өткізілді.
Жиын барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне қатысты негізгі міндеттерін түсіндірді.
Жиын жұмысы соңында мемлекеттік қызметшілерді қызықтыратын мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына түсінік берілді.
