Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот жүйесі қызметкерлеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді

2017 жылдың 17 ақпанда «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында  БҚО Орал қаласының №2 сотында қала бойынша және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот   мамандарының қатысуымен  ««Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің  кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 
15-ші қадамына сәйкес көзделген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестациялау кезеңдері мен деңгейлері туралы нақты түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардың аттестаттау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді. Семинар барысында  ақпараттық-түсіндірмелік  бейне-ролик көрсетілді.

 
0
0
350

Осы тақырып бойынша

Сот жүйесі қызметкерлеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді - Yvision.kz