Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот қызметкерлеріне ұлттық баяндама таныстырылды

2020 жылдың 13 тамыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында бейнебайланыс арқылы Бәйтерек ауданының №2 соты және Тасқала аудандық соты қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды.

Баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалады.

Сот қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының жетекші қағидаттары, адал, парасатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастыру қажеттілігі түсіндірілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
227

Осы тақырып бойынша

Сот қызметкерлеріне ұлттық баяндама таныстырылды - Yvision.kz