Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

SOS! Халықты аштықтан құтқару қажет!

Мақсат, биліктегілерге, халықты асырап отырған билік емес, билікті асырап отырға халық екенін мойындаттыру!

Яғни, биліктің халыққа сапалы қызмет көрсетуін талап ету!

Коронавирус індеті, Қазақстан экономикасының тоқырауда екенін көрсетті. Осыған байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайының күннен-күнге төмендеуі, халықтың билікке деген наразылығын күшейтіп, аяғы қақтығысқа алып келу қаупін туғызуда.

Халық пен билік арасындағы қақтығыстың аяғы қандай нәтиже беретінін, Украина, Қырғызстан мемлекеттерінде болған төңкерістер көрсетті.

Украина, Қырғызстан оқиғалары, Қазақстанда қайталанбауы үшін не істеу қажет?!

Біріншіден, Украина, Қырғызстан мемлекеттерінде болған төңкерістерден сабақ алу керек.

Екіншіден, халық наразылығын күшпен тоқтатуға әрекет жасау, үлкен қателік екенін мойындап, халықтың жағдайын жақсарту жолдарын табу керек.

"Коронавирус" індеті, халық жағдайын, "Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін", деңгейге жеткізді.

Яғни, экономикалық дағдарыс жағдайында, халықтың көпшілігі күн көріп отырған жұмыстарынан айрылды. Халықтың азық-түлік, т.б. бірінші қажеттегі қоры сарқыла бастады. Ал үкімет "беретін" 42 мың теңге, жанұя асырамақ түгілі, жеке адамның қажетін қамтамассыз етуге де жетпейтіні белгілі. Демек, үкімет тарапынан шұғыл шара қолданылмаса, жақын арада аштық басталады! Аштық - наразылық емес, жан үшін күрес! Бұндай жағдайға жеткен халық, сел апаты сияқты, оны тоқтату мүмкін емес! Коронавирусты да қадағау мүмкін болмай қалады. Яғни, халық жаппай індетке ұшырайды, наразылық - қақтығысқа айналады! Сондықтан, үкімет шұғыл түрде тиісті шаралар қолдануға міндетті!

Үкіметке қойылатын талап, күнкөріс қоры жоқ барлық азаматтарды, ешқандай шектеусіз, (жасына, жұмыс орны бар жоғына, әлеуметтік қорға төлемақысы болмағанына, қандай мекемеде жұмыс істейтініне, т.б. талаптар қоймастан) жанұя көлеміне байланысты азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмек, т.б. тауарлармен тегін қамтамассыз ету!

Ия, бұл шара қосымша шығынды қажет етеді. Бірақ, ол шығын Украина, Қырғызстан оқиғаларынан кейін, бұл мемлекеттерге келген экономикалық шығынмен және оның нәтижесімен салыстыруға келмейді. Халықты аштықтан, жаппай індеттен қырылудан аман сақтап қалу, қандай шығынды болса да ақтайды!

Оның үстіне, мемлекет қорынан шығын шығармайтын, қосымша қаражат көздері бар!

Инвесторларға 30 жыл бойы мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалынып келе жатқаны белгілі. Өкінішке орай, бұл "инвесторлардың" мемлекетке де, халыққа да пайда әкелмейтінін, тоқырауға ұшыраған Қазақстан экономикасы көрсетіп отыр. Халық басына осындай ауыртпалық түскенде, осы "инвесторлардан" халыққа жағдай жасауға талап қоятын уақыт жетті! Демек, дағдарыс уақытында халықты қамтамассыз етуге қажет қаражат мөлшерін анықтап, инвесторлар тарапынан жұмсалатын қаржат мөлшерін ұсыну қажет.

Егер инвесторлар "ерікті" көмек көрсетуден бас тартса, тіпті жақсы! Онда олардың Қазақстанға "салған" инвестиция сапасын тексеріп, офшор шоттары арқылы мемлекеттен қанша пайда жымқырылғаны анықталса, халықты азық-түлікпен ғана емес, экономиканы көтеруге де үлкен қаражат табылатынына кепілдік беруге болады!

"Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы" Ұлттық қозғалысы

29.03.2020 ж.

0
0
666

Осы тақырып бойынша

SOS! Халықты аштықтан құтқару қажет! - Yvision.kz