ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

SOS! Билік коронавирусты жеңбесе, коронавирус биліктің түбіне жетеді!

Яғни, бұл билік жар салғандай, халыққа көрсетілетін "көмек" емес, әр адамның жұмыс істеген уақытында төленген әлеуметтік төлемнің қайтарымы! Яғни, ол көмек емес, халықтың өз ақшасы. Демек, мемлекеттік қордан бөлінген қаржы, биліктегілердің қалтасына "арналған" ғой!

Бұл - халықты алдау!

Ал, нағыз көмек қажет ететін, не жұмыс таба алмай, не мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек ала алмай жүрген, жастары зейнеткерлікке жетпеген азаматтар мен ауылдан келген және т.б. жұмыссыздар (дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындардың жұмысшылары, т.б.).

Олар Қазақстан азаматы емес пе, әлде билік оларды адам санатынан алып тастаған ба?! Нағыз көмекке мұқтаж солар емес пе?! Оларға көмек бермеу, билік тарапынан қылмыс! АЛЛА сақтасын, ертең олар аштыққа ұшыраса, биліктегілер кіретін тесік табал алмайтын жағдайға жетеді!

Халықты ойыншық қылғанды тоқтату керек!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жариялаған "көмек" барлық жұмыссыздарға ешқандай шектеусіз төленуге тиісті!

Бұл талап орындалмаса, халық көшеге шығады!

"Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы" Ұлттық қозғалысы

29.03.2020 ж.