Солтүстік Қазақстан облысында «Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны басталды

Облыс әкімі аппаратымен бірге жасалған 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, а.ж. 17 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес, селолық округ әкімдіктерінің қызметкерлері әкімдіктердің негізінде «е-gov.kz» ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді үйрену үшін СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалдарында оқулардан өтуде.
Сонымен қатар, а.ж. мамыр-маусым айларында селолық округтер тұрғындары арасында электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуды түсіндіру бойынша оқыту семинарлары СҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕҚ филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің көшпелі ХҚКО азаматтарды қабылдау шеңберінде өткізіледі.
«Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шаралар электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған.
Қосымша: фотосуреттерде Есіл, М. Жұмабаев, Аққайың аудандарының селолық округтер қызметкерлері оқудан өтуде.
