Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының ұжымына мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар түсіндірілді

2017 жылы 4 мамырда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыры, бағдарламалары мен қағидаларын түсіндіру мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ибраева Г.М. жиналғандарды мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен, мемлекеттік қызметшілердін ротациялау, үш сатылы жүйесі кадрларды іріктеумен, тестілеу бағдарламаларының, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар өткізу тәртібінің өзгерістермен таныстырды.
Сонымен бірге, тыңдаушылар мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізу туралы ережесімен, Үлгілік әдістемесінің негізгі өзгертулерімен таныстырылды, бағалауды жүргізу мерзімі, жеке жоспардың жасау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді.

Семинар өткізу барысында, қатысушылармен ішкі конкурстар өткізу және үлгілік біліктілік талаптары туралы бойынша сұрақтар қойған. Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
