Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Смартфонға арналған әйнектер өзімізде шығарылатын болады — Қ.Көшербаев

Үкіметте өткен брифингте облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы осылай депті. Біздің өңірде смартфондар мен планшеттерге арналған әйнектер шығаратын зауыт салынады, - деп қуантқан әкім сөзін былай деп нығарлады.

«Әйнек зауытының құрылысы наурызда аяқталады. 1 шілдеден бастап зауыт өнім шығаруды бастайды. Сонымен қатар, біз ендігі жылдан бастап осы зауыттың жанында смартфондар мен планшеттерге арналған әйнек (дисплей - автор) шығаратын зауыттың құрылысын бастаймыз. Бұл зауытта гаджеттерге арналған әйнектер шығады»

Мамандардың айтуынша, мұндай зауыт екі жерде ғана бар екен. Бірі Қытайда. Ал, бізде ашылатын сол Қытайлықтардың жаңа өнімі болмақ. Әйнек мөлдір, жұқа болады. Ең қызығы, бұл әйнектерді Нокиа, Apple компанияларының планшетттеріне пайдалануға болады екен.

   
0
0
394

Осы тақырып бойынша

Смартфонға арналған әйнектер өзімізде шығарылатын болады — Қ.Көшербаев - Yvision.kz