Skype платформасы арқылы кездесу өтті
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында болып жатқан жағдайларды талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға Қарасай ауданының мәслихат депутаты Дамиля Болатқызы, «Жігер–М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Абдижамилұлы және аудан жастары қатысты. Мұндай басқосудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
