Әскерлендірілген темір жол күзеті мекемесінің қызметкерлерімен кездестік.
Бүгін Атырау қалалық мәслихаты депутатығына үміткерлер мен Мұхтаров Мұстахим Харенұлы, Шунаева Айқияш Сабашқызы және Шайхиева Бибігүл Кәкімжанқызы Әскерлендірілген темір жол күзеті мекемесінің қызметкерлерімен кездестік. Ұжым мүшелерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық және 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге, партиямызды қолдауға шақырдық. Кездесу барысында әсіресе денсаулық сақтауға байланысты көптеген сұрақтар қойылды, пікірлер айтылды. "Халық - сыншы" демекші жаздағы індет кезіндегі қиыншылықтар әңгіме арқауы болды. Осы тағы да басқа мәселелер жөнінде қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, олардың «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты жазылғандығын айтып жеткіздік.
Қиындықтарды еңсеріп жеңіске бірге жетейік!
Nur Otan-ға дауыс бер!
#Jeniskebirgejetemiz
#jenimpazbol
#bizbirgemiz
#NurOtan
