Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскемендегі экологиялық мәселе оң шешілмек

"Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі операторы" ЖШС басшылығы, сондай-ақ экология белсенділері Өскеменде қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысымен танысты.

Алаңда ғимараттың іргетасы қаланып, коммуникациялар орнатылды. Қазір металл конструкциялардан жасалған корпусты монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін бірқатар экологиялық проблемалардан арылуға болады, - дейді жауапты сала өкілдері.

5 тамызда Грециядан алынған автоматтандырылған сұрыптау желісінің жабдықтарын монтаждау басталады. Қоқыс сұрыптау кешенінің қуаттылығы жылына 100 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге жететін болады. Барлық құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Қоқысты сұрыптау кешені өз жұмысын 30 тамызда бастайды деп жоспарлануда.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Өскемендегі экологиялық мәселе оң шешілмек - Yvision.kz