Өскелең ұрпақты патриоттылыққа баулу мақсатында Партия ардагерлері және азаматтық сектор өкілдерімен ZOOM платформасында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Жиында азаматтық қоғам мен ұлт интелегенттері жастар тәрбиесі жөнінде өзекті ой пікірлерін ортаға салды.
Жаһандану жаппай белең алып келе жатқан алмағайып заманда, патриот ұғымының қадір - қасиетін дәріптеу маңызды. Өйткені, заман сабағы көрсеткендей , өз елін , оның асыл маржандарын , жерін , тілін сүйуді үйренбеген жанның басқаларға да құрмет көрсетуі екіталай. Сол себепті осындай игілікті де ізгілікті іс-шарлардың көптеп ұйымдастырылуы қашанда өз ауқымдылығын жоғалтпайды.