ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«СК Фитнесс» спорт клубының қызметкерлері және шағын бизнес өкілдерімен кездесуі өткізілді.

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

2021 жылғы 6 қаңтар күні сағат 11-00де аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Р.Абилова, Г.Ақжолтаева, А.Иманбековтың Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «СК Фитнесс» спорт клубының қызметкерлері және шағын бизнес өкілдерімен кездесуі өткізілді. Кездесуде «СК Фитнесс» спорт клубының қызметкерлері, шағын бизнес өкілдері, барлығы 35 адам қамтылды. Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, облыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолдары, соның ішінде денсаулық сақтау, өндіріс, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнеске қолдау, жастардың әлеуметтік өмірдегі белсенділіктері бойынша атқарылатын жұмыстар, партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланған нақты іс-шаралар жайлы айтты. Кездесу соңында үміткерлер кездесуге қатысушыларды 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсетіңіздер – деген тілегін білдірді.Кездесуге қатысушылар сайлауалды бағдарламаның өзектілігін сөз етіп, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс береміз деген ойларын айтты.