Сіздерді жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті жаңаөзендіктер!
Сіздерді жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына сіңіп барады. Жаңа жыл – кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.
Тарих қойнауына енгелі отырған жыл сынаққа толы жыл болды.
Бұл жыл тұтас адамзатты тығырыққа тіреген, жер-жаһанды әбігерге түсірген, өте бір ауыр жыл болды. Адамзат көзге көрінбейтін «жаумен» алысты. Сондықтан 2020 жыл еліміз үшін де, қаламыз үшін де оңай болған жоқ.
Келер жаңа 2021 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ - береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Ардақты қала тұрғындары!
Баршаңызды жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын. Жаңа жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан қала халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке – бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын. Келер жылдан күтеріміз көп, жоспарымыз айқын. Жаңа жыл құтты болсын!!!
Ізгі тілекпен, қала әкімі М. Ибағаров!
