Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Мадияр Серікұлы Амангелдинов аймақ аграрийлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс атқаратын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандарды біріктіретіні сөзсіз. Ауыл шаруашылығы саласында ауданда бірнеше жеке қожалықтар ашылып, бүгінде барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл ел экономикасының ең маңызды саласының бірі» делінген онлайн құттықтауда.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - Yvision.kz