Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын!
Құрметті Қапшағайлықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының тарихи таңдауы болған бұл мереке – Қазақстан халқының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген сенімі мен құрметтің көрінісі.
Ұлт Көшбасшысының басшылығымен елімізде бағалы бастамалар, кең ауқымды реформалар толассыз жүзеге асырылып, мемлекетiмiздiң экономикасы жаңа сипатпен дамыды.
Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия өңiрiнде, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығында және халықаралық аренада алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды.
Бүгінде ұлтаралық бiрлiктің, ынтымақтастықтың қазақстандық нұсқасы әлемнiң көптеген елдерiне үлгi бола алады.
Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен, халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қысқа мерзім ішінде бой көтерген Астана, 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз, Астанада мәртебелі ұйымның Саммитінің өтуі, 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесінің Қазақстанда өтуі және еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы осы айтқанымыздың айғағы.
Бүгiнгi күнi «Қазақстан-2050» Стратегиясы бағытында елiмiздiң үшiншi жаңғыруын жүзеге асыра отырып, ауқымды бәсекелестiктiң нәтижесiнде әлемдегi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға ұмтылудамыз.
Қазақстанның экономикалық және саяси жаңғырылуын жүзеге асыруда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалпы мемлекеттiк мәнi өте зор. Себебі, халықтың рухани құндылықтарын сақтап, ұлғайту жарқын болашақтың кепiлi екендігі баршамызға белгілі.
Қымбатты жерлестер!
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетуде.
Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығы кезінде, Қазақстан- экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толығымен айта аламыз.
Әрқашанда елдің бірлігі мен ынтымағы жас мемлекетімізді кемел келешекке бастай берсін.
Осынау мерекелі күні барлық сарқандықтарға мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, ынтымақ пен мейірім тілеймін.
Көпұлтты және қуатты Қазақстанымыз гүлдене берсін!
#Birinshi
