Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сіз білесіз бе?

Жаңбырдың алғашқы тамшылары тап бір себезгінің астында тұрғандай әсер қалдырады. Тек адамдар ғана емес, құрғап кеткен жерде, қураған ағаш та, төбеден бір шөкім бұлт көрсе, жаңбыр жауатындай күй кешіп, тағатсыздана күтеді.

Негізі, жаңбыр - таңғажайып құбылыс. Біз үшін адам мен табиғат арасындағы байланыстың қаншалықты күшті екенін білмеу мүмкін емес. Тіпті, жаңбыр секілді қарапайым құбылыстың адамға әртүрлі жолмен әсер ететін сиқырлы қасиеттері бар.

Ал, еліміздің мегаполис мекенінде ауа райы құбылмалы мінез көрсете алатынын бәріміз білеміз. Жаңбыр жауып, артынша күн мен жаңбырдың аралас, керемет иісін сезу біз үшін рақат. Ондай құбылысты сәуір- мамыр айларында байқауға болады.

Негізінде, психолог мамандардың айтуынша, әрбір жаңбыр тамшысының күші күшті өмірдің қайнар көзі болып табылады. Адам денесінің барлық жүйелерін теңдестіруге ықпал етеді. Айта кеткендей, жаңбырлы күн адамның көңіл-күйіне тікелей әсер ететіні сөзсіз де белгілі.

Тұрақты психика мен адамның мінез- құлқы ерекшеліктері тікелей метеорологиялық оқиғаға байланысты. Кейде тіпті, романтикалық көріністі бейнелейтiн жаңбыр, адамның тула бойындағы сезімді арыттыра түседі. Себебi, терезе алдында ыңғайланып отырып, ыстық шаймен бұл көріністі көру - ләззат элементi. Сергектік, оптимизм немесе белсенділік, ой- өрістің кеңдiгi және басқа да оң қасиеттерді қалыптастыратын табиғат құбылысы, адамдар үшін ерекше сиқыр. Бірақ, әрине жаңбыр ғана адамның мінезін қалыптастырады деп айтуға болмайды. Дегенмен де, ол адам болудың кешенді үдерiсiнде айқындаушы факторларының бірі.

1
0
1123

Осы тақырып бойынша

Сіз білесіз бе? - Yvision.kz