Өсіп жатыр, құламай...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Булат Окуджава "Грузинская мелодия"
Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Қандай ғажап, мынау өмір,
Қиындыққа қарамай.
Тасты жарып, кіп-кішкентай,
Өсіп жатыр, бір қорықпай.
Қара тастан, қысып жатқан,
Аяқ асты, көліктен
Соққан желге қарамай,
Өсіп жатыр, құламай.
Қандай төзім, өмір үшін,
Топырақ-жерді талғамай.
Қалт-құлт етіп, жатсадағы,
Өсіп жатыр, тоқтамай.
Кейбір гүлге, жылы жерлер,
Бұйырады алдынан.
Менсінбейді, ондай гүлдер,
Сынап, қарап артыңан.
Ғажап өмір, ұқсасын-ай,
Тағдырына, мынау гүлдің.
Адамзатта осылай,
Талпыныста өмірдің.
https://www.youtube.com/watch?v=LCDekvLm6Q0&feature=youtu.be
