ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың қолдауға штабтың мүшелері Б.Қуанәлиев, Е.Илемесов, Т.Кадимов және М.Шайдуллин «Символ» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында үміткердің 7 жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өмірбаяны мен елді дамытуға бағытталып атқарған жұмыстарына тоқталып, халықтық коалиция атынан ұсынылған үміткерді қолдауға шақырды. Әлемде болып жатырған қиын кезеңде елді біріктіріп ұстап тұрушы, Халықарылық саясатта зор беделге ие азаматтың жақына топтасу қажет екендігіне тоқталды. «Символ» ЖШС-нің жұмысшылары заманның біртіндеп жақсарып келе жатырғандығын тілге тиек етіп, қоғам үшін маңызды, әр азаматтың парызы деп санайтын тұрғындар кезектен тыс сайлауда өздерінің азаматтық позицияларын танытатындығын айтты. Өз кезегінде сөз алған Т.Кадимов қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты.