Шын сүйгенді, талай салып азапқа «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Зимнее чудо»
Бейнематериал авторы – Вера Дедик "Зима"
Вконтакте әлеуметтік желісі –
Өкінесің, өтінесің, сұрайсың,
Бәрі есімде, артта қалған күндерім.
Енді айтшы, неге мені қинайсың?
Білмей ақ қой, бірақ қалды сүлдерім.
Өліп-өшіп, сүйіп едім бір кезде,
Мәні менен, сәні болдың өмірдің.
Бар әлемім, тұрушы еді сол кезде,
Бір өзіңнен, кілті болдың көңілдің.
Сонда қалай, сезім саған болған ба?
Бір сәт қана, бұл өмірден өткізген.
Киелі ғой, шын сезім, оның руһы,
Талайларды, ұрып-жығып өзгерткен.
Сен кеткенде, жылап қалдым жалтақтап,
Тірі жетім, мазақ болдым баршаға.
Естімедің, жан айғайды, тұрсамдағы айғайлап,
Кете бердің, мені айырбастап басқаға.
Қырау түсті, көңіліме, мен қайтейін,
Сүйемін ғой, бір ұмытпай сағынып.
Өшпес сезім, бұл тағдырға, не істейін?
Осы екен ғой, тұрғаны, мынау маңдайға жазылып.
Өкінішке, толы білем, бұл өмір,
Ақ армандар, талай ұшар жыраққа.
Өткізбейді, құлатады, бұл көпір,
Шын сүйгенді, талай салып азапқа.
