Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкенттегі «AirGaz» ЖШС-інің жұмысшыларымен кездесу.

Ондағы жұмысшылар күн-түн демей, науқастарға оттегі баллонын жеткізуде аянбай еңбек етті. Осы орайда үміткерлер А. Джумакулова, Т. Султанова, М. Битемиров, Е. Куатбаев тынысы тарылған талай жанға екінші дем сыйлаған серіктестік жұмысымен танысып, көшбасшы партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы бағыт-бағдарды түсіндірді.

Айта кететіні, кәсіпорында қазіргі таңда жұмыс күші жеткіліксіз екен.

Серіктестік қызметкерлерімен кездесу кезінде олардың еңбектеріне ерекше алғыс айтылды.

Ал кандидаттар ел үшін тынбай еңбек етіп отырған кәсіпорын жұмысшыларына алдағы саяси науқанда игі істер партиясы "Nur Otan"-ға дауыс беріп, келер жылдың саяси науқанында ерекше атсалысуға шақырды.

Ендеше, Қазақстан халқы үшін тарихи күн болатын сайлаудан сіз де қапы қалмаңыз!

"Nur Otan" - нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы!

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Шымкенттегі «AirGaz» ЖШС-інің жұмысшыларымен кездесу. - Yvision.kz