Шымкентте «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Жастар Генералмен кездесті.
12 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Жастардың Ішкі істер органдарының ардагері, Милиция Генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Абдірахманұлымен «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңында кездесуі болып өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ Төраға орынбасары Жантөреева Қалыйма қатысты.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының Cаяси Доктринасындағы БІРЛІК, КЕЛІСІМ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ құндылықтары талқыланып, жастарға маңыздылығы түсіндірілді.
Генерал жастарға ең үлкен байлық ол отбасы, тәрбиеліде саналы ұрпақ деді. Өмірде бақытты болу үшін өзіңнің сүйікті ісің болуы тиіс, аянбай еңбектеніп, жұмысында білімін арттырып, ұдайы жаңару өмір талабы, - деген өсиет айтты.
Жеңісбай аға ұрпақтар сабақтастығы туралы, бұл әлеуметтік және мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа, үлкеннен кішіге берілетін әр бір буын өкілінің өзінен кейінгі жастарға бір-біріне сабақтастығы деді.
