Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкент қаласының тазалығы үшін елеулі еңбек етіп жатқан мекеменің бірі – "ЛТД Тұрмыс" ЖШС-і.

Кездесуде Берік Айдарбекұлы мекеме қызметкерлерін «Nur Otan» партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламамен танысқан жұмысшылар шешімін таппай жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Жұмысшылардың басым бөлігі тұрғын үй кезегіне тұру, кезектің өте баяу жылжуы, азық-түліктің қымбаттауы, материалдық көмек және қаламыздағы шалғай елді-мекендерде көше жарығы, бейнекамераларды орнату бойынша мәселе көтеріп, «Nur Otan» партиясынан шешілу жолын қарастыруды сұрады.

Берік Айдарбекұлы жұмысшылардың мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Шымкент қаласының тазалығы үшін елеулі еңбек етіп жатқан мекеменің бірі – "ЛТД Тұрмыс" ЖШС-і. - Yvision.kz