Шымкент қаласында "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы құрылды
Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілуіне орай, әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын құру қажеттілігі туындауда. Осыған орай, Шымкент қаласында "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы құрылды. Қала халқын азық-түлікпен сапалы қамтамасыз ету мақсатында - комиссия мүшелерінің жиыны өтті. Басқарма тарапынан ұйымдастырылған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі алғашқы комиссия отырысына - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Есболұлы Жумин, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Аскар Каныбеков Сәкенұлы, басқарма мамандары мен комиссия мүшелері, қарасты мекеме директорлары қатысты.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының Ұйымдастыру құқытық және әкімшілік бөлімі
