ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Наргиза Керімбаева

Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері — кәсіпкер, бес баланың анасы, меценат, ерікті және Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Наргиза Керімбаева.

Наргиза — базардағы сатушыдан мәслихат депутаттығына дейін көтеріле білген қайсар әйелдің үлгісі. Ол мансапты, отбасын және әлеуметтік қызметті қатар алып жүрген табысты жан. Көпбалалы ана "MP Көмек" қайырымдылық қорының президенті, ТМ Mobil Plus компанияларының негізін қалаушы және бас директоры, Іскер әйелдер кеңесінің және "Атамекен" ҰКП мүшесі, қайырымдылық жобаларының серіктес-меценаты болып табылады.

"Менің бай, ықпалды туыстарым жоқ, бизнес маған ата-анамнан немесе күйеуімнен келген жоқ. Демеушілер де жоқ. Өз ақылыңмен, еңбекпен және шыдамдылықпен жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең бастысы — тәуекел. Өзіңе, өз күшіңе және армандарыңа сен!", — дейді Наргиза Керімбаева.

Наргиза Абайдуллақызының басшылығымен құрылған қайырымдылық қоры жұмыс істеп келе жатқан 4,5 жыл ішінде 2500-ден астам тұрмысы төмен, көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсеткен.

"Балаларымызды зорлық-зомбылықтан немесе кез келген қауіптен қорғау қажет", — дейді ол.

Айта кету керек, қор еріктілері Мақтаарал ауданы мен Арыс қаласының тұрғындарына қолдау көрсетіп, көмек қолын созды. Сонымен қатар, Наргиза әлеуметтік қорғау және Covid-19 пандемиясымен күрес салаларындағы жемісті жұмысы үшін ҚР Президентінің "Халық Алғысы" медалімен марапатталды.

#NurOtan