Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының жаңартылған Фракциясы алғашқы отырысын өткізді
Фракция жетекшілігіне Бекайдар Мұсаұлы Тулегенов сайланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясының төралығына Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы ал, Шымкент қалалық мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағаларына партия атынан Альбина Балгабаевна Елчиева, Тореайм Жолдыбаевна Султанова, Нурпейс Жапарович Анарбеков, Айжан Избасхановна Наимбекова, Данабек Ержанович Исабековтердің кандидатурасы ұсынылды.
