Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төралқа мүшесі Шерім Медеуов қаламыздың жастарымен кездесті.
Кездесуде сайлау науқаны, партия бағдарламасы мен оның орындалуы жайында сөз болды. Сондай-ақ, ақсақал жастармен өмірлік тәжірбиелерімен бөлісіп, оларға бойындағы ұлттық жігер мен патриоттық сезімдерін күшейтуге шақырды. Жастар ел ертеңі екенін айтып, әр ісінде жауапты болуды өсиет етті. Мұндай кездесу жас қауымның саяси біліктілігін арттырып, рухани байытары сөзсіз.
