Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл !
“Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса,
жер беті түгелімен берекеге толады”
Әбу Насыр әл-Фараби
Қасиетті 85 жылдық тарихы мол қаращаңырағымыздың атауы - ұлы ойшыл, философ, шығыс ғүламасы Әбу - Насыр - Әл -Фарабидің туылғанына 1150 жылдығы . Атаулы ғұламаның өзіннен кейінгі ұрпааққа калдырған өшпен даналық ойлары мен еңбектері біз , яғни жастарға өмірлік азық , құнды халық мұрасы болып қала бермек . Университетіміздің Басты оқу кітапханасы ғимаратында арнайы шығыстың сөрбес жұлдызы Әбу - Насыр - Әл -Фарабидің арналған өзіндік ерекшелігі бар жаңа мұражай жұмыс жасап тұр. Мұражайда ойшыл, философ Әбу - Насыр - Әл –Фарабидің көне қолжазба еңбектері, кітаптары, қанатты сөздері жазылған тақтайшалары, өзге тілдерге аударылған дүниелеріде баршылық . Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан».
Мұражай үш тілді ақпараттық дүңгіршектермен, тарихи бейнематериалдар проекциясымен толық қамтылған . Мұражайдың басты қызметтері: өскелең білім алып жатқан жастарға имидждік, ғылыми-инновациялық, тәрбиелік және білім беру. Білім алып жатқан шетел елдік студенттерімізге Әл-Фараби мұрасымен , рухани дүниелеріне шолу жасауға үлкен мүмкіндіктердің бірі .
КазҰУ : Филология және әлем тілдері факультеті
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
Ғылыми жетекшісі: доктор PhD Кузембаева Ж.Ж
Ермаханбет Нүрилә Ринадқызы магистрант 1 курс
