Шығыс Қазақстан облысының әкімі АХМЕТОВ ДАНИАЛ КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ тұрғындар алдындағы есебі
Сондай-ақ, есептік кездесу «Алтай» облыстық телевидениясының тікелей эфирінен көрсетіледі. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды облыстың елді-мекендерінде орналасқан ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер арқылы (жәшіктердің орналасқан жерлері мен облыс әкімінің және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің есеп беру кездесулерінің кестелері «Ашық деректер» порталында орналасқан) сонымен қатар, облыс әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі, 1331.kz сайты, 1331, және 700-999, 700-300 телефондары арқылы жолдай аласыздар.
