Шыңғырлау ауылында рейд жұмысы ұйымдастырылды
2 маусым күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері, Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы Самат Жанатұлы, аудандық тұрғын үй шаруашылық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Ринат Асанов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жастілек Дулатовпен бірлесіп «Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым» атты акция аясында ашық люктардың болуы, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігі белгілерін тексеру мақсатында Шыңғырлау ауылында рейд жұмысы ұйымдастырылды. Акцияның өткізу барысында люктардың қақпақтары мен жол ережелерін сақтау белгілері тексерілді. Кемшіліктер анықталған жоқ. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.
