Шыңғырлау аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың "Измайлов" ЖК қызметкерлерімен кездесуі
Жұмыс орнындағы кездесулер
7.01.2021ж. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және ауданды дамытудың 7 басым бағыты кеңінен баяндалған кездесу ауданымыздағы «Г.Измайлова» жеке кәсіпкерлігінде өтті.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.Байжанов, аудандық мәслихатқа үміткерлер С.Байтенова, Қ.Жазықбаев партияның сайлауалды бағдарламасына тоқтала отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға жасалып отырған қолдаулар жөнінде айтты. Үміткерлер ұжым мүшелерін 10 қаңтар күні өтетін сайлауда " Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
