Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Штаб мүшелері Қызылоба ауылдық округі жастарымен кездесті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Қызылоба ауылдық округі жастарымен кездесті.

«Жастар – қоғамдағы өзгерістердің басты қозғаушы күші. Талантты, білімді, отансүйгіш жастар Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесін қосып жатыр. Еліміздегі жас буынның өз қабілет-қарымын толыққанды жүзеге асыруы үшін тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасалады. Өз кезегінде, отандық ғылым қысқа мерзімде елімізді дамудың жаңа сатысына шығаруға қабілетті құралға айналмақ. Қазақстанда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауға, атап айтқанда, гранттар бөлу арқылы жағдай жасалады. Соның бірі студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғайтылады деп өз ойын білдірді штаб мүшесі Д.Мерешов.

Жиын соңында алдағы сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

1
0
129

Осы тақырып бойынша

Штаб мүшелері Қызылоба ауылдық округі жастарымен кездесті. - Yvision.kz