Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Штаб мүшелері студенттермен кездесті

8 қараша күні ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Теректі колледжінде білім алып жатқан студенттермен және колледж мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу Подстепный мәдениет үйінде оздырылды. Жиын барысында штаб мүшелері жастарды қолдауға қаншалықты мән беріліп жатқанын қозғап өтті.

«Бүгінде кез келген қоғамның басты қозғаушы күші – білімді жастар екенін көріп отырмыз. Жастар – ұлт үмітін ақтайтын елдің келешегі. Сол себептен де ел Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасының басым бағытын жастардың болашағына арнады» - деді штаб мүшесі, жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қадырғалиев.

Роллан Бектемиров елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Ол Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға берілетін мүмкіндіктер мен оларды қолдау қажеттілігін айтып өтті. Қазіргі уақытта жастардың білім алуы мен дамуына бар жағдай жасауымыз керек екені, бұл Президентіміздің ұстанып отырған нақты принципі екені де ескерілді.

Кездесу соңында қоғамдық штаб мүшелері жастардың саяси науқан туралы ойын тыңдап, пікір алмасты.

#Toqaev2022

0
0
266

Осы тақырып бойынша

Штаб мүшелері студенттермен кездесті - Yvision.kz