Штаб мүшелері «РУ-170/3» мекемесінің ұжымымен кездесті
2020 жылдың 6 қазан күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «РУ-170/3» мекемесінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов қатысты.
Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.
Өз кезегінде, Р.Ғ.Мұратов бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
