Штаб мүшелері Көпжасар ауылында
Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Т.Жанболатов, А.Досмухамбетов, З.Жардемова, Р.Уразалиев Көпжасар ауылының мұғалімдерімен, жастарымен және «Көпжасар» БПҰ мүшелерімен президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөнінде кездесу өткізді.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылып мұғалімдердің мәртебесі артатынын айтты. Жастар еліміздің болашағы, мемлекет барлық жас азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау үшін жұмысты жалғастырады. Біз кем дегенде 2,3 миллион жасты жұмысқа орналастырамыз деп президенттікке үміткер Қ.Тоқаев өз сайлауалды бағдарламасына айтты.
Жиын соңында алдағы сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.
#Toqaev2022
